Жастар бизнес-жобаларына арналған "Menin Armanym" ұлттық байқауының қатысушысы болыңыз!
Байқау туралы
Биыл байқаудың үшінші кезеңі бастау алады
11 мың қатысушыдан астам
Байқау басталғаннан бері келіп түскен өтінім саны
19 қала
Байқауға Қазақстанның барлық аймағынан жастар қатыса алады
16-29 жас
Байқауға қатысушылардың жас мөлшері
Байқауға қатысу шарттары
Байқаудың жаңа маусымының қатысушысы атану оңай! Ол үшін Сізге:
Жас мөлшері бойынша сәйкестік
Өтінім берушінің жасы 16-дан 29-ға дейін болуы керек
Онлайн өтінім беру
Сайттағы өтінімді дұрыс толтыру
Іріктеуге қатысу
Онлайн өтінімнен бөлек, біз Қазақстанның өңірлері бойынша аймақтық іріктеу өткіземіз
Байқау кезеңдері
Байқаудың барлық кезеңінен мүдірмей өтіп, финалист атаныңыз!
Іріктеу турлары
Қатысушылар онлайн өтінім беріп, кестеге сәйкес өткізілетін өңірлердегі іріктеуге қатысады. Қатысушылар санына шектеу жоқ. Үміткерлерге тренинг өткізіліп, олар өз жобаларын қорғайды. Менторлар ширек финалға жолдама алатын стартапшыларды іріктеп алады.

Ширек финал
НБұл кезеңде іріктеуден өткен үміткерлер Атырау, Шымкент, Павлодар, Қарағанды қалаларына шақырту алады (өз аймағына қарай). Олар үшін дайындық тренгинтері жүргізіледі. Ширек финалға дейін қатысушылар прототип дайындауы қажет. Жобалар қорғалған соң әділ-қазылар алқасы 150 жобаны таңдап алады. Олар бейнеролик түрінде онлайн іріктеуден өтеді. Онлайн іріктеу нәтижесінде 32 қатысушы телевизиялық ойындарға қатысу үшін таңдалып алынады.

Жартылай финал
Бұл кезеңде іріктеліп алынған 32 жоба байқаудың телевизиялық түсіріліміне қатысу үшін Астанаға шақыртылады. Қатысушылар үшін көпшілік алдында сөйлеу мәнері мен презентация әзірлеу бойынша тренингтермен, телевизиялық түсірілмге дайындық басталады. 16 қатысушы іріктеліп алынады.
Финал
Жартылай финалға өткен 16 үміткер Нұр-Сұлтандағы телестудияда өтетін телевизиялық ойындарға атысады.
Ең мықты 4 жоба байқаудың супер финалына өтіп, бірінші орынға таласады.
Суперфинал
Байқаудың 4 финалисі жобаларын таныстырады. Үшінші кезең жеңімпазы анықталады.
Іріктеу ойындарының кестесі
19-21 сәуір

Ақтөбе: Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Қызылорда: Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Семей: Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
Талдықорған: І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Ақтау: Yessenov University

26-28 сәуір

Тараз: Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Өскемен: Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ/Әл-Фараби ҚазҰУ/ ALMAU
Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

3-5 мамыр

Атырау: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Шымкент: SilkWay халықаралық университеті/ М.Әуезов атындағы ОҚМУ
Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қарағанды: Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Петропавл: М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
10-12 мамыр

Орал: М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Түркістан: нақтылануда
Нұр-Сұлтан: ЕҰУ/АМУ
Жезқазған: Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
Көкшетау: А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
Жобаны дайындау кезеңдері
Жобамен үш жақ жұмыс істейді:
1) Тәлімгер-ментор
2) Бизнес-инкубатор/акселератор
3) Стартапшы
Бұл кезеңге өткендер ширек финалға дейін жобаны толықтырулары керек:
– нарықты сараптау қажет,
– жобаның техникалық жағын әзірлеу,
– жобаның прототипін әзірлеу,
– тестілеуден өткізілген прототип,
– бизнес-жоспарды жазуды бастау (жартылай финалға дайындық).
Жартылай финалға дейін:
– қорытынды қаржылай есеп жасау,
– маркетинг жобасын жасап, нарыққа шығу жолын қарастыру,
– алғашқы өнімдер шығарылған,
– жобаның дайын бизнес-жоспары.
Финалға қарай:
- iске қосылған үлкейтуге дайын стартап.
Жобадағы менторлық
Ментор/тәлімгер жобадағы негізгі тұлға. Ментордың басты міндеті – ширек финалға өтетін жобаларды жетілдіру. Ментор жобаға реалити-шоудың соңына дейін жетекшілік етеді.
Ментордың жобадағы рөлі:
- идеяны бағалау,
- технологиялық сұрақтар бойынша көмек,
- кездесу өткізіп, тиімді келіссөздер жүргізуге үйрету,
- стратегиялық тұрғыда ойлануға үйрету,
- стартап команданы дұрыс құру бойынша кеңестер,
- бизнес-жоспар дайындап, инвестор іздеуге көмектесу,
жобаны өміршең етіп, инвесттартымдылығын күшейте түсу жолдарын іздеу.
Жобада мынадай талаптарға сай кәсіпкер ментор/тәлімгер бола алады:
- соңғы 10 жылдың кем дегенде 5 жылында табысты кәсіпкерлікпен айналысу тәжірибесі бар адам (шағын және орта бизнесте жеке кәсіпкер немесе жетекші ретінде),
- өз тәжірибесін біреуге үйрете алатын және соған дайын адам (кәсіпкерліктегі жеңіс пен сәтсіз кезеңдерін ашық түрде айтып бере алатын),
- еркін сөйлеп, тыңдай біледі,
- тәлім алушымен қарым-қатынас жасау керектігі туралы нұсқаулық алды,
- тәлім алушыға бизнесіне жетекшілік етпей, оны қаржыландырмай мәселелерді шешуге көмектеседі,
- іскерлік репутациясы жағымды,
- тәлім алушымен жұмыс істеуге уақыт бөле алады,
- белсенді әлеуметтік жауапты өмірлік ұстанымға ие.
Байқау күнделігі
Барлығы қалай басталды!
Бірінші маусымның жеңімпазы кім болғанын көріңіз!
"StartupBolashak - Menin Armanym" байқауының жеңімпазы кім болғанын көріңіз!
Байқаудың ұйымдастырушылары
Байқауға серіктес ретінде қатысқыңыз келсе, бізбен хабарласыңыз!
Біздің серіктестер
Байланыс
Кез келген сұрақтарыңыз бойынша жауап беруге дайынбыз!
"SUCCESS K" стратегиялық коммуникациялар агенттігі
Жоба координаторы: Сусанна Шагвалиева
E-mail: info@meninarmanym.kz
Made on
Tilda