
«Менің арманым» - жастар арасындағы жобаларды қамтитын ұлттық бірегей байқау.
Байқау инициаторы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Байқау "Рухани жаңғыру" Бағдарламасы аясында өткізілуде
Байқау ұйымдастырушысы - "SUCCESS K" стратегиялық коммуникациялар агенттігі
Байқауға қатысу тегін

ЕГЕР СЕН
жоғары сынып оқушысы, кәсіптік – техникалық училище, колледж, ЖОО студенті немесе жастардың ҮЕҰ-ның өкілі болсаң, өзіңнің күш –жігерің мен мүмкіндігіңе бек сенім мен идеяларыңның қоғам үшін маңызды екеніне көз жеткізсең,
БҰЛ БАЙҚАУ СЕН ҮШІН!
Байқауға әлеуметтік маңызы зор, қоғамның, қоршаған ортаның игілігіне, дамуына бағытталған, сонымен қатар Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мәселелерді қамтитын жобалар қатыстырылады.
Ол үшін сен не істеуің қажет?
Жақсылап ойланып, маңызын түсініп,саған қажеттілігін сезін!
Қиялыңа ерік бер
Идея ойлап тап
Идеяны жандандыр
Идеяны жобаға айналдыр
Жобаның таныстырылымын жаса
Жобаңды сәтті қорғауға күш сал
Оның бірегейлігін көрсет
Жобаның өзектілігін дәлелде
Қаржылық негіздемесін әзірле
Жобаңды қорға да, жеңімпаз атан!
Бірақ, одан бөлек, сын тұрғысынан ойлауды дамытатын тапсырмалардың барлығынан дерлік
сүрінбей өтуің қажет!
Қандай жоба жеңіске жете алады?
БІРЕГЕЙ
Жоба күн тәртібіндегі мәселелерді шешуде айрықша ұсыныстарды қамтуы қажет
ПАЙДАЛЫ
Жоба сенің айналаң, отбасың, аулаң, ауылың, қалаң, жалпы елің үшін пайдалы болуы тиіс
ТҰРАҚТЫ
Жоба тұрақты даму үлгісінде жасалуы маңызды. Яғни, болашақта демеушілердің қолдауына
тәуелді болмай, өзін-өзі қаржылай қамтамасыз ете алуы керек.

